АҚШ Президенті Барак Обама Америка халқының атынан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады,-деп хабарлайды Қазақпарат. «Осы айрықша оқиғаны отбасыңыз бен достарыңыздың ортасында атап өтіп жатқан күні Сізді мынаған сендіргім келеді: мен екі елдің маңызды қарым-қатынастары біздің халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дами беретініне күмән жоқ екеніне сенімдімін», - делінген құттықтауда. Ақүй басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және бақыт тіледі. Сондай-ақ Испания Королі VI Фелипе Қазақстан Президентін туған күнімен құттықтады. Жеделхатта Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатта екені де атап өтілген. Соңында VI Фелипе Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі.
Мөлдір ДЮСЕКИНА