Бүгін Елорда Астана күнін атап өтуде. Биыл Астана күнін мерекелеу аясында қала тұрғындары мен қонақтарына қала билігі көптеген тың бағдарламалар ұсынып отыр. Мерекеге орай қалада республикалық және халықаралық деңгейдегі 70-тен астам шара өтіп жатыр. Қала билігі оларға еліміздің түкпір-түкпірінен жарты миллионнан астам мейман келеді деп мәлімдеген. Қаланың ең үздік концерттік алаңдарында кешелі-бері түрлі жанрдағы бағдарламаларымен отандық және шетелдік әртістер өнер көрсетуде. Астана тұрғындары мен қонақтары үшін мерекелік шараларды мейлінше қолжетімді қылу мақсатында концерттер саябақтарда, гүлзарлар мен ашық алаңдарда өтуде.
Берік ХАСЕНОВ