Русский Сайттың толық нұсқасы

Нұрсұлтан Назарбаев мәртебелі меймандармен бірге лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2015
  • 1632

Нұрсұлтан Назарбаев мерекеге орай Астанаға арнайы ат басын бұрған мәртебелі меймандармен бірге лазерлі-пиротехникалық шоуды тамашалады. Кеше кешкісін астаналықтармен бірге көздің жауын алатын ерекше шоуды Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев және Түркияның бұрынғы Президенті Абдулла Гүл де қызықтады. Есіл өзенінде орнатылған сахналық алаңда хореографиялық қойылымдар өтті, сондай-ақ симфоникалық оркестр қазақ халық музыкасы шығармалары мен классикалық композицияларды қазіргі заманғы мәнерде орындады. Шоу барысында судан жасалған экранда түрлі тілдерде қала күніне арналған құттықтаулар көрсетілді, ал су доғасы мен субұрқақтарда заманауи жарықты-лазерлік технологияны қолдану арқылы Астананың кескіні жасалды.

Мөлдір ДЮСЕКИНА