Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Астанадан Астанаға» халықаралық ғылыми экспедициясы сапардан оралды

  • AstanaTV
  • 06 шілде 2015
  • 1468

Бабалар рухына тағзым. Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Астанадан Астанаға» халықаралық ғылыми экспедициясы сапардан оралды. Тарихшылар мен өлкетанушылардан жасақталған бұл экспедиция Орал-Атырау-Сарайшық-Орда-Орынбор бағытында сапар шеккен болатын. Экспедиция құрамында Ресейдің Мәскеу, Орынбор, Самара және Астрахань қалаларының ғалымдары да бар. «Астанадан Астанаға» деп аталған экспедиция қазақ халқының бір кездегі астанасы болған Орынборда аяқталды. Тарихшылар осы көне шаһарда өткен кездесу кезінде қазақтың шежіресіне тоқталып, пікір алмасқан. Енді осы экспедицияның ізімен арнайы зерттеу материалдары жарық көретін болады. Ұйымдастырушылар ел тарихын түгендеген мұндай шараларды алдағы уақытта да өткізбек ниетте.

Мұрат Сыдықов, экспедицияға қатысушы:

Ел тарихындағы орны бөлек оқиға 1465-жылы Қазақ хандығының құрылуы. Біздің тарихшылармен сапарлас болған ресейлік ғалымдар да осындай ұйғарымға келіп, тарихымыздың тамыры терең екенін мойындады. Енді осыған қатысты ой-пікірлер ақпарат құралдары арқылы жарық көреді. Бұл деректерді өзіміз дайындап жатқан мақалалар жиынтығына да енгіземіз деп жоспарлап отырмыз.

Eркін КАРИН