Әлемдік лидерлер Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап және Астана күніне байланысты жылы лебіздерін білдіріп хат жолдады. «АҚШ президенті Барак Обама Америка халқының атынан Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады», - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. «Осы айрықша оқиғаны отбасыңыз бен достарыңыздың ортасында атап өтіп жатқан күні Сізді мынаған сендіргім келеді: мен екі елдің маңызды қарым-қатынастары біздің халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі дами беретініне күмән жоқ екеніне сенімдімін», - делінген құттықтауда. Ақ үй басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа мықты денсаулық және бақыт тіледі.
Қытай басшысы Си Цзиньпин құттықтау хатында «Сізбен бірлесіп мемлекеттеріміздің тұрақты байланысын қамтамасыз етуге, қарым-қатынастарды жаңа деңгейге көтеруге, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы екіжақты стратегиялық серіктестікті екі елдің халқының игілігі жолында кеңейтуге әзір екенімді білдіремін»- деген.
Ал Ресей Президенті Владимир Путин өз құттықтауында: «Сіз президенттік лауазымда жұмыс істеген жылдары елдегі татулық пен келісімді қамтамасыз етіп, заманауи демократиялық мемлекет құра алдыңыз», - деді.
Сондай ақ, Испания Королі VI Фелипе де Қазақстан Президентін туған күнімен құттықтады. Жеделхатта Қазақстан мен Испания арасындағы қарым-қатынастардың достық сипатта екені де атап өтілген. Соңында VI Фелипе Қазақстан халқына татулық пен бақ-береке тіледі.
Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтап Беларусь презденті Александр Лукашенко, Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ, Монако князі II Альбер, Оман Сұлтаны Кабус бен Саид, Испания Королі VI Фелипе де жеделхат жолдады.
Мөлдір ДЮСЕКИНА