Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытайлық суретшінің туындысы 65 миллион долларға сатылды

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2018
  • 3019

Қытайлық абстракционист-суретші Чжао Уцзидың туындысы Гонкогта 65 миллион АҚШ долларына сатылды. Бұл жөнінде "Рейтерс" хабарлайды.

Бұл азия суретшілерінің арасында майлы бояумен салынып, рекордты ақшаға сатылған алғашқы картина. Триптих "Маусым-Қазан.1985" деп аталады. Туынды сол уақытта, яғни 1985 жылы салынған. Онда қызғылт-сары, күлгін түсті реңкпен пейзаж бейнеленген. Лоттың бастапқы бағасы 45 миллион долларға бағаланса, сауда-саттықта құны тағы өскен.