Израильде теңіз түбінен IV ғасырға тиесілі артефакттар табылды. Құнды жәдігерлерді Жерорта теңізінен әуесқой сүңгуірлер алып шықты. Рейтерстің хабарлауынша, археологтар кеменің зәкірін, ағаш ұсталарының құрал-саймандарын, бірнеше мүсіншелер мен адам бойымен бірдей болатын үш қола мүсіннің сынықтарын тапқан. Олардың барлығы да жақсы сақталған. Сонымен қатар біздің заманымызға дейінгі 306-327 жылдары билік құрған император Константин бейнеленген қола тиындар шықты.
Айта кетерлігі, бұл Жерорта теңізінің түбінен шығарылған алғашқы құнды заттар емес. Осыдан бір жыл бұрын Кейсария портынан Х ғасырға жататын мұсылмандар халифаты заманының алтын тиындары табылған еді.
Айгүл ӘДЕПБАЙ