Түзеп, күзеліп, халық пен комиссияның ұсынысы ескерілген Жер кодексі қазан айында Үкіметке жолданады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев мәлімдеді. Бүгінде заңнамадағы өзгерістер барлық мемлекеттік органдармен келісіліп, пішілген көрінеді. Үкімет қарауынан соң заң жобасы Мәжіліске жолданбақ. Айта кетейік, мораторий мерзімі 5 жылға, яғни 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды.
Ерлан Нысанбаев, ҚР АШМ вице-министрі:
Жерді ауыл шаруашылық бағытта қолдануға байланысты нормаларға өзгерістер енгізіледі. Оның ішіне конкурстардың өткізілуі, 5 жыл ішінде мониторинг жасау арқылы тиімді пайданалуды қадағалау, тіпті келісімдердің дайындалуы, мемлекеттік бақылау кіреді. Яғни жерді пайдалану бойынша талаптар жіті бақылауға алынатын болады.
Айбек ҚОСАНОВ