Қара алтынның қымбаттауынан төл теңгеміз соңғы 5 айда алғаш рет айтарлықтай нығайды. Бүгін KASE қор биржасының таңғы саудасында ұлттық валюта бағамы долларына 330,37 теңгені құрады. Астанадағы ақша айырбастау орындарында доллар 330-331 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ал бұған дейін төл валютаның орташа бағамы 332-336 теңге аралығында болған.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА