Русский Сайттың толық нұсқасы

Өртке оранған автобустан 10 оқушыны құтқарған жүргізуші марапатталды

  • AstanaTV
  • 10 қазан 2016
  • 1623

Алматыда өртке оранған автобустан 10 оқушы мен екі ересек адамды құтқарған жүргізуші марапатталды. Бүгін қаладағы төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері  30 жастағы Азамат Сағыновқа осындай құрмет көрсетті. Ол 6 қазан күні Достық даңғылы бойымен Бутакавкаға бет алған №29 автобус жүргізушісі. Өрт тұтанғанда жүргізуші көлікті тоқтатып, ішіндегі 10 оқушыны дереу сыртқа шығарған.

Водитель не растерялся, не убежал. Первым делом бросился спасать детей, которые находились в автобусе.

Скажи честно, испугался? - Нет! - Молодец!


Азамат Сағынов, №29 автобустың жүргізушісі:

Паника болған жоқ, адамдарды сыртқа апарып, 101 өрт  сөндіруге звандадым. Огнетушитель екеуін қодандым, қозғалтқыштың өзінің огнетушителі болады, ол да көмек бермеді.

Автобустағы өрттің тұтану себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр. Көлік тиесілі ЖШС өкілдері автобус жолға шықпастан бұрын әбден тексерілген деп отыр.

Бақытжан Рыспаев, «GREEN BUS» ЖШС директорының орынбасары:

Оның алдында бәрін тексергенбіз. Автобустар енді толық жаңа болмағандықтан, анализ жасап жатырмыз. Болған кезде қосымша жауап береміз. Осындай екі жағдай болған алдында. Осымен үшінші.