Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы құрылыс жобаларының қарқынымен танысты. Бүгін ол «Астана Бас жоспары» ғылыми-зерттеу жобалық институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды. Жауапты мамандар Мемлекет басшысына елорданың сәулет және қала құрылысы саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, -деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Бұдан бөлек, Президент қаланы дамытуға бағытталған бірқатар жобаның іске асырылу барысымен танысты. Оның ішінде инфрақұрылым және әлеуметтік-мәдени, коммерциялық мақсаттағы нысандар құрылысы бар.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ