Кеше Астанадағы айықтырғышта көз жұмған Николай Кривенконың өліміне байланысты ұсталғандардың соты аяқталды. Полиция патруль қызметінің сержанты Берік Мырзабеков 10 жылға сотталды. Ал Медициналық-әлеуметтік оңалту орталығының фельдшері Саят Саты мен сол орталықтың екі санитары Фархан Қамбетов пен Сұңғат Темірғалиевтердің әрқайсысы 8 жылға бас бостандығынан айырылды. 15-наурызда наркодиспенсерге жеткізілген Кривенконы олар аяусыз ұрып-соғып, Николай айықтыру бөлмесінде көз жұмды. Істі қарап жатқан судья БАҚ өкілдерінің қатысуымен марқұм Кривенконың соққыға жығылғаны жазылған бейнетаспаны қайта қараған –кадрларда әлгілердің Кривенкоға өлгенше тепкілеп жатқаны жазылып қалған:
Адамға «мал» деп қараудың жарқын мысалы...Астанадағы Шұбар деген ауданда жекеменшік коттеджде қаңғып қалған, ауру ит пен мысықты паналатып, емдейтін приют бар. Онда қазір 800 дей ит пен мысықты ерікті азаматтар бағып, қағады... Астанада қаңғыбас адамдар паналайтын приют те бар. Ондағы тағдырлар...Бибігүл есімді әйел біздің тілшімізге былай депті: Кезінде кім едім, кімнің қызы едім, класстың қандайы едім. Группада қандай едім. Ендігі жүрісім мынау...
Диана Сапарқызы, тілші:
Дүниедегі ең ауыр қасірет адамның жалғыз қалуы шығар. Қайғы-мұңның бәрі сол шарасыз жанның басында тұрғандай көрінеді. Тағдырдың тәлкегіне ұшырап, көше кезіп қалған адамдар - адасқандарды айтам. Әрине, әркім өз өміріне өзі жауапты деп жатамыз. Дегенмен... Біз бүгін өзгеше параллель жүргіземіз - екі аяқты пенде мен төрт аяқты хайуан - дөрекі естілсе де, шыны сол - қаңғыбастардың өміріне бір сәт үңілеміз.
Марат Разақов, тұрақты мекен-жайсыз азамат:
Осындай жағдайға түсіп қалдық. Жұмысқа кірейін десем, елдер паспорт сұрайды. Тұра алмайсың жұмысқа. Аса ауыр жұмыс істей алмаймын. Аяғым сол, кесіп тастаған. Только сыпыратын жұмыс, қар жинайтын ауыр емес жұмыстар, сондай жұмыстар істемесем. Оған да документ сұрайды. Сол ойлап жүргенмін ғой, етік тігуді үйренсем бе, деп...жылайды).
Марат Разақовты "қайда жүрсің, бауырым-ау?!" деп іздейтін ешкім жоқ. Өзбекстаннан келген азаматтың құжаты да жоқ. Сондықтан Марат үшін барлық есік жабық. Оның жалғыз арманы Қазақстанның азаматтығын алу. Бірақ бұл әзірге қол жетпес қиял ғана. Шаршады... Қиналды... Өмірден түңілді.
Марат Разақов, тұрақты мекен-жайсыз азамат:
Шаршап кеттім сол.... (жас ақты). Жұмыссыз жүргеннен. Жұмыс істей алмайсың. Как положено оклад айлық алғым келеді..... Бір жерге барып істесең, күнде істейсің. Ақшасын аласың. Ішіп қоясың. Аяғында бірнәрсе аласың, ол не болады? Ештеңе болмайды. Тамақ та жемейсің, толком.
Найда деген итті қожайындары үйден қуып шыққан. Аяқ астынан көлік қағып, іштегі күшіктері дүниеге келмей жатып ажал құшады. Өлім аузында жатқан Найданы ветеринар дәрігерлер "қиналмасын" деп дәрі арқылы мәңгі ұйқыға аттандырғысы келген. Алайда, қаңғыбас жануарларды бағатын еріктілер олай еткізбей, жанын сақтап қалды. Қазір иттің дені сау. Тек жанары мұңға толы. Мына кадрда тілсіз жан маған «мені өзіңмен бірге алып кетші» деп айтқысы келіп тұрғандай.
Марат пен Найдаға қарағанда, Бибігүл апайдың тағдыры әлдеқайда жақсырақ сияқты. Бірақ ол да бақытсыз. Туыстары бар, туған қызы тіпті бір үйді ұйытып отырған келін. Бірақ.... анасына ғана мейірімі жоқ сияқты.
Бибігүл Күлбайқызы, тұрақты мекен-жайсыз әйел:
Бәрінің өзінің семьясы бар, бала-шағасы бар. Немерелері бар. Менің де немерелерім бар. Бала-шаға түгілі, немере болғаннан кейін сізді олар тіпті керек қылмайды. Тіпті керек етпейді. Себебі ол өз бала-шағасын асырау керек. Сізді не қылады олар. (Жаныңызға батпай ма?). Ал батқаннан не пайда? Үш күннен кейін тозаққа да төзесің дейді ғой. Сол сияқты. Амал жоқ. Оңашада сығып-сығып аласың, көз жасыңды. Осы жерде жүре бересің, білдірмей.
Адасты. Өзін жоғалтты. Қаймығады. Іштей жылайды.
Бибігүл Күлбайқызы, Тұрақты мекен-жайсыз әйел:
Кезінде кім едім, кімнің қызы едім, класттың қандайы едім. Группада қандай едім. Жүрісім мынау.
Ал, Найда мекен еткен қаңғыбас жануарларға арналған орталықтың ашылғанына 10 жылдың жүзі болды. Мұнда Найдадан өзге 75 ит пен 800-дей мысық бар. Орталықтың қала сыртындағы үйінде тағы 200 мысық пен 85 ит тіршілік қылады.
Олег Серов, жануарлар баспанасының еріктісі:
Бұл жердегі иттер мен мысықтар тастанды немесе далада қаңғып жүргендер. Сонымен бірге, көлік қағып кеткен, адармдардан зорлық зомбылық көрген жануарлар бар. Мүгедек болып қалған иттерге медицналық көмек үнемі қажет. Сондықтан оларға ветеринарды жиі шақыртып тұрамыз.
Қаңғыған жануарларды аулайтын қызметтер де бар. Алайда олардың мақсаты мүлдем басқа. Адамдарға кедергі жасамас үшін, адамға зияны тимесін деген мақсатпен аулайды. Темір торға қамайды. ГРАФИКА: Бір Астананың өзінде биыл 6047 жануар ауланған. Оның ішінде 5499 ит, 575-і мысық. "Астанаветсервис" базасында қазір 136 ит қамауда отыр. Ал, абайсызда көлік қағып кеткен, «мал болмайтын» иттерді:
Ерлан Зекебаев, «Астанаветсервис» ветеринария бөлімінің басшысы:
Инсинератор деген бар. Жағатын пеш. Соляркамен жағылады. Қағып кеткен, соғып кеткен иттер бар. Өліп қалған иттер бар. Солардың бәрін жинап аламыз да, сол инсинераторға апарып жағамыз.
Астанадағы тұрақты мекені жоқ адамдарды бейімдеу орталығы 180 адамға, түнгі бөлімі 50 адамға арналған. Қазір орталықты Бибігүл мен Марат сияқты 122 адам мекендеп отыр. Жануарларға арналған баспанада шектеусіз өмір сүруге болса, бұл орталықта 1 жылға дейін тұрақтауға болады. Яғни көшеден келгендерге толықтай өз-өзіне келу үшін бір жыл береді. Құжаттарын реттеуге көмектеседі. Алайда оларды жұмысқа орналастыру өте қиын.
Динара Шапина, Астана қаласының әлеуметтік бейімдеу орталығы директорының орынбасары:
Бұл кісілерге жұмыс табу өте қиың. Білесіздер ғой. Далада қаңғығаннан кейін ішімдікке салынғаннан кейін, жұмыс тапшылығы өте көп бұл кісілерде. Көбісі жұмыс далада жұмыс істеуге, үй шаруашылығын істеуге алады. Бірақ енді өз мамандықтары жоқ болғаннан кейін, жұмысқа тұруға өте қиын, бұл кісілерге.
Диана Сапарқызы, тілші:
Қуыршағынан жалығып, лақтыра салған сәби секілді жануарын далаға қуып жіберетін адамдар туралы не айтуға болады? Бұл жануарларды сәті түссе, біреу қанатының астына алар бәлкім... Ал қаңғып қалған адамдар ше? Тұрақты баспана, отбасы дегеннің не екенін сезінуден қалған жандар, түбі бір жерден пана табарына сенгің келеді-ау, бірақ ...сенбейсің.