Мына фотоны Қырғыз Республикасының премьер-министрі Сапар Исақов фейсбуктегі парақшасында жариялаған. «Сөйлейтін фото» немесе «сигнал беретін фото» деп атайтын сурет. Рrimeminister.kz сайтының хабарлауынша, қырғыз премьері Исақов Сапардың сапары олардың өздерінің бастамасымен болған. Сонымен күлімсіреген премьерлер не шешті? Сілтеме жасап отырған сайттың ақпары бойынша Бақытжан Сағынтаев пен Сапар Исақов жеке сөйлескен, сосын кеңейтілген форматта – кабинеттерімен кеңескен. Қазақ-қырғыз шекарасында өткен аптада болған коллапс шекаралық, транспорттық, фитосанитарлық, ветеринарлық, кеден және салық заңдарының орындалмайтынан туды. Еліміз Қырғыз республикасынан келетін «сұрқай импорттың» кесірінен жылына 20 млрд теңге шығын көріп келген. Яғни жылдар бойы қордаланған мәселе. Ол біздің үкімет мүшелерінің енді жариялап жатқан салыстырмалы кестелерінен көрінеді. Мәселе де сонда – өткен аптада шекара бойында сарсылып, жүйкесі жұқарған қарапайым жұрт министрлердің неге бұрын үндемегендеріне, тәртіп орнатуға неге мәселе шыққаннан кіріспегендеріне күйінеді.
Сапар Исақов, Қырғыз Республикасының премьер-министрі: Я как премьер-министр Кыргызстана настроен на конструктивную работу.
Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:
19 қазандағы 00.00 сағаттан бастап қазақ-қырғыз шекарасынан қол жүгі бар жеке тұлғалардың, жолаушы тасымалдайтын тұрақты автобустардың, жеңіл автокөліктердің, бос жүк көлік құралдарының басымдықты тәртіппен өтуін қамтамасыз етуге уағдаластық.
Сонымен бірге Премьер-министрлердің орынбасарлары жетекшілік ететін жұмыс тобын құруға келіскен. Олар барлық өзекті мәселені реттейтін бірлескен «Жол картасын» дайындаулары керек.
Ал жалпы, шекара бойындағы кептеліс эмоцияға беріліп сөйлеудің үлкен саясатта тіпті болмайтынына тағы бір дәлел. Сонымен бірге өспей қалған халықтар туысқан болса да, «мен мықтырақпын» немесе «өзің ақымақ» деп айтысады...