Русский Сайттың толық нұсқасы

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры экс-төрағасының ісі сотқа өтті

  • AstanaTV
  • 20 қазан 2017
  • 1904

Руслан Ерденаевтың ісі сотқа өтті. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының экс-басшысы 5 млрд теңгені талан-таражға салды және аса ірі көлемде пара алды деп айыпталған. Бұл туралы Алматы прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Ерденаевпен бірге тағы 5 адам сотқа тартылады. Арасында «Бузгул Аурум» серіктестігінің бұрынғы директоры Азат Найзагарин де бар.

Еске салайық, өткен жылы қазанда жинақтаушы зейнетақы қоры аталған компанияның құны 5 млрд теңге болатын 500 мың акциясын иемденген. Қордың үлкен көлемдегі несиесі барын ескерген "тәуекелдер департаменті" облигацияларды қаржыландыруға асықпау туралы ұсыныс айтқанмен, ол ескерусіз қалған. Прокуратураның хабарламасында "мәміле жасасу үшін "Бузгул Аурум" компаниясы өкілдері зейнетақы қоры басшылығына пара берді"  делінген.