Сарышаған полигонында «Жәрдем-2016» оқу-жаттығулары басталды. 100-ден аса әскери қызметші жұмылдырылған оқуларға Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов барды. Ведомство басшысы әскерилердің іс-қимылдарын бақылап, жеке құрамның кәсіби даярлығын бағалады. Жаттығуларға арнайы техникалар да тартылған. «Жәрдем-2016» оқу-жаттығулары шілдеге дейін жалғасады.
Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА