Русский Сайттың толық нұсқасы

Бензин дағдарысы. Ал мұнайы жоқ Беларусь бензин өңдейді...

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2017
  • 2387

Премьер-министр кейбір сарапшылар болжағандай, бензин тапшылығына байланысты «кінәлілерді» тауып, жазалады. Б.Сағынтаев бірінші рет күлімсіремей, шешім қабылдаған сияқты.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі: 

Я принимаю следующие решения. В связи с тем, что дисциплинарные меры воздействия в отношении членов правительства принимает президент страны, я сегодня вношу на имя главы государства представление об объявлении выговора министру энергетики Канату Алдабергеновичу Бозумбаеву. 

Бозымбаевтың жауабы мынадай, бір деталь - үкімет басшысын үшінші жақта айтады...

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Я не обсуждаю решения вышестоящего руководства, потому что я член правительства, а он председатель правительства. Поэтому я его действия обсуждать не намерен и не собираюсь. Это противоречит этике госслужащего. Второе — в рамках своей компетенции он принял необходимые меры, как он считает, это я тоже обсуждать не собираюсь.

Президент Премьердің ұсынысын қабылдады. Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жарияланды. Премьер онымен де тоқтаған жоқ - Бозымбаевтың орынбасары Әсет Мағауовты қызметінен алды. «ҚазМұнайГаздың» басшысына да сөгіс жарияланды, орынбасары Данияр Берлібаев қызметінен шеттетілді. Осы-ақ екен, Парламент депутаттары сөйлей бастады. Мәселен, Мәжіліс депутаты Павел Казанцев былай деді.

Павел Казанцев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

Однако, даже если всех чиновников уволить, в принципе, ситуацию это не меняет. Потому что общество не получает ответы на злободневные проблемы сегодняшнего дня, 

Айқын Қоңыров, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты:

Одновременно с ростом цен на моторное топливо в отопительный сезон подорожали уголь и газ. Стыдно наблюдать, что уголь, которого в стране добывается более 100 млн тонн, люди несут в холодные дома в мешках и сумках, оплачивая за мешок до 1 тысячи тенге, что составляет от 25 до 30 тысяч тенге за тонну. У граждан возникает резонный вопрос – если правительство допускает такую ситуацию, то зачем нам такое правительство? 

Жоғары атқарушы биліктегілердің, оның ішінде бензин кризисіне орай қызметтерінен алынған шенділердің «мықты маман» екені ...рас шығар. Мысалы, Әст Мағауовтың әйгілі «керосинканы» - Губкин атындағы Мәскеу мұнай химия және газ өнеркәсібі институтын бітіргенін жазып, «күйіп кеткенін» айтып жатқандар бар. Онда сауал туады – сонда кім ақымақ? «Керосинканы» аса танымал болмаса да, шын мықты маман саналатын Меңдеш Салихов та бітірген. Ол былай дейді:

Меңдеш Салихов, ардагер-мұнайшы:

Әу бастан белгілі еді, біздің зауыттар мұнай терең өңдемейді. Бензиннің шығымы, керосиннің шығымы аз. Реконструкциясын дұрыс жасау керек еді, әлі күнге дейін дұрыс жасалмайды. Бәленбай ақша бөлініп жүргеніні естіп жүрмін, бірақ оның бәрін коммерциялық құпия дейді де, тығады. Шынымен де ұят нәрсе. Беларуссияның мұнайы жоқ, ал зауыттары Еуро 5 шығарады. Олар реконструкция жасаған. Бізге ұят емес пе?

Мен Америкада 3 жыл тұрдым. Мұнайдың бағасы түссе, бензиннің де бағасы түседі. Бізде өсе береді. Бензиннің төмен түскенін көрдіңіз бе? Бұл жерде көптеген «бәлелер» жатыр. Оны прокуратура, ҰҚК, әкімшілік білімді адамдармен бірге зерттеп, қарау керек.

Екінші проблема – зауыттар шикізатпен толық қамтылмайды. Неге? Өйткені мұнай кеніштерінің көбі өзімізге тиесілі емес. Үкімет инвесторларға әмірін жүргізе алмайды.

Меңдеш Салихов, ардагер-мұнайшы:

Шетелдіктермен де сөйлессе, мынадай жағдай болып жатыр деп, халық үшін бір шетін зауытқа бер десе, береді ғой. Олармен келісім-шартқа тұру керек. Оларға да жұмыс жасап жүрген елінің тыныштығы керек. Мысалы, ТШО-ға бер десе, үкімет, олар береді. Әр жағында терең білім жоқ, не болмаса дұрыс талап қоя алмайды.

Бозымбаев айтты ғой, зауыттарды реконструкция жасап болғаннан кейін өзіміздің бензин өзімізге жетеді дейді. Бірақ аналар мұнайын бермесе, тағы солай болады. Ана өңдеу зауыттардың күшін пайдаланып, 70-80 пайызға жүктемесін арттыру керек, миллиондаған тонна өндіріп тұрып, біз неге Ресейге тәуелді боламыз? Бұл нарық дұрыс емес. Әне жерде бір кілтипандар бар. Қандай кілтипан? – Ұрлық бар, басқа не бар? Неден құралады баға деп, ашып берші – мынау салық, мынау тасымалы, мынау зауытқа кеткен деп, сонда көрінеді. Соны зерттемей тұр ғой, ашпай тұр ғой. Сонда көрінеді көп нәрсе...

Енді апта ішінде АИ 92-ң литрі кейбір аудандарда 200 теңгеге жетті деген Батыс Қазақстан облысындағы жағдайды меншікті тілшіміз Еркін Карин баяндап береді:

Еркін Карин, тілші:

- Иә, Жайна, батыста бензин бағасы күйіп тұр. Облыстың алыс ауылдарында қай күндері литрі 200 теңгеден сатылған.Қазір 180-ге түскен. Бұл қымбатшылық ауыл тұрғындары үшін ауыр тиді. Өйткені олар ішім-жемін, киім-кешек секілді өзге де керек-жарағының бәрін алыс болса да қаладан тасиды. Бензин қымбаттағасын, бұл тауарлардың да бағасы көтерілген.

 Тілеген Арыстанбеков, Бөкей Ордасы ауданының тұрғыны:

- Ауыл ішінде жүріп-тұратын машиналар қаладан келіп жасай алмайды. Мұнда 155 тг болса, ауылда бензин 180-200 теңге тұрады. Ал қалаға барып келгендер бензинді осы жақтан құяды ғой. Бірақ ауыл тұрғындары үшін жанармайдың қымбатшылығы ең қиын нәрсе.

Облыс орталығы Орал қаласы мен Бөкей Ордасы ауданының арасы 500 шақырым. Оның тең жарымы - далалық жол. Әсіресе жаңбыр жауып, жер батпаққа айналғанда қиын. Жәй күндері қалаға жету үшін 10 сағат жүрсе, жер лайсаңда 14-15 сағат жүреді. Тіпті көлігі сынып, бірнеше күнжолда тұратын кездер де болады. Кемедегінің жаны бір. Қымбатшылық құрсауындағы ауылдастарын такси жүргізушілері аяйды. Бірақ жолақы бағасын 5000 теңгеден асырмайын десе де, қымбатшылық қысып барады.

Сарсенби Сапаров, Бөкей Ордасы ауданының тұрғыны, такси жүргізушісі:

- УАЗ-дың бір дөңгелегінің өзі 20 мыңға дейін барды. Ал жолақыны көбейтейін десең, халықты ойлайсың. Барып-келгенше 200 литр бензин керек. Оны есептегенде 36-40 мың теңге кетеді. Өне бойы адам толып барса екен. Қазір адам аз.

Оралға тасылатын бензиннің 70-80 пайызы бәз-баяғыша Ресейдің үлесінде. Сондықтан рубль бағасы тұрақтамай, бензиннің де «байыз таппасы» анық. Ал бензин бағасын мемлекет реттемейтінін алға тосқан сала мамандары жанармай бағасын жай бақылаумен ғана шектеледі.

Еркін Карин, тілші:

Қазір бағаны өсірген жанармай бекетіне ескерту жасалған. Енді ол он күннің ішінде бағаны түсірмесе, пайдасының бір бөлігі айыппұл ретінде өндіріліп алынады. Ал облыс орталығында жанармай бағасы 153-164 теңге аралығында. Баға қымбат болса да, бензин кедергісіз сатылып жатыр. Онсыз тіршілік бар ма?..

Энергетика министрі алдағы жылдың басында мұнай өңдейтін 3 зауыттың екеуінің модернизациясы бітеді, жағдай түзеледі, деп отыр.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

Раз есть ситуация, мы ее должны выправить, побыстрее извиниться перед населением страны, что созданы такие проблемы. Но на это были свои объективные причины...

Бензин дағдарысына байланысты отставкаларды сарапшылар «өрт ...бензинмен өшірілді» деп сипаттады. Мың сан уәделердің қалай орындалатыны белгілі жағдайда бұл сипаттама әділетсіз емес. Бірақ «2-3 айда жағдай түзеледі» дегенді күтуден басқа амал да жоқ. Министрдің «проблеманың тууына объективті себептер болды» деуінің астары қалың. Шын мәнінде жоғары шенді де шеше алмайтын мәселелер бар. Олар Әлихан Бөкейханов емес...