Русский Сайттың толық нұсқасы

Бидай өнімділігі: гектарына 10 центнер ғана. Себебі не?

  • AstanaTV
  • 14 қазан 2017
  • 5096

Астық жинауы науқаны да аяқталды. Бірақ біз ...«ән шырқауға» жоқпыз. Неге біздегі өнімділік орташа есеппен гектарына центнері 10- ға жақын, ал климаты ұқсас Канадада 50-ге дейін барады. Мәселенің бір ұшы тұқым сапасына барып тіреледі. Астанадағы Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры Кенже Абдуллаевпен сұхбаттасқанбыз, саладағы ғылыми-зерттеу институттары бірігіп жұмыс істеуі керек, дейді.

Кенже Абдуллаев, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры:

Қазақстан нарығында біздің Қазақстанның сорттары, біздің институттың сорттары 4 жарым млн гектар жерді алып отыр. Оны да үлкейтуге болады 6 млнға дейін. Бір сортты шығару үшін 12 жыл кететін болса, жаңағы айтып отырған институттармен біз бірігіп істейтін болсақ, бір сорт жасауға 7-8 жыл кетер еді. Сонда сорттарды көптеп шығарып, оның ішіндегі ыстыққа төзімді сорттарды шығарып, нақты өнім алуға болатын еді. Ал Ресейліктер жағдайды баяғыда жасап қойған. Енді Канадамен біздің өнімнің айырмашылығы, олардың көп алатыны, олардың сорттары, технологиясы, техникасы дұрыс болып тұр. Біздегі мәселе біз сортты дұрыстауымыз керек. Технология жағдайын шешуге болады. Технология деген ол тыңайтқыш. Біздегі тыңайтқышқа субсидия беріп жатса, бүкіл ауылшаруашылық фермерлердің барлығына  оны алып берсе, оның құнары да, оның өнімділігі артады.Канаданың ортақ өнімділігінің өзі 18. Бізде де 40-тан алатын хозяйствалар бар. 30-дан алатындары бар. Бірақ ортақ бір ғана 9 центнер тұр. Оны асыру үшін, тек сорттың арқасында ғана шығара аламыз. Минимум программаларымыз - тез арада институттарымыз бірігіп, ыстыққа төзімді сорт шығаруымыз керек.

Бидай ғана емес, басқа да дақылдарды неге шығармасқа?

Кенже Абдуллаев, А.Бараев атындағы астық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығының директоры:

Чечевица деген шықты, рапс деген шықты. Рапс пен чечевицаның алатын жері мол болып тұр.Егер бидайды өндіріп алатын жерді таппай отырсақ, чечевицаны алып кетеді. Неге десеңіз, оның үлкен базары бар. Ол базар - Үндістан. 1 млрд 350 млн халқы бар. Оның барлығы чечевицамен қоректенеді. Сол себептен ол рынок бәріне заказ етіп отыр. Ал енді рапс дейтін болсақ, рапстан май шығарады. Канаданың барлығы рапсқа өтіп кеткен. Олардың барлығы майлы, құнарлы дақылдарға кетіп отыр.