Шаруалар пайдаланып отырған жер телімдері аукционға шығарылмайды - ҰЭМ

  • AstanaTV
  • 20 сәуір 2016

Шетелдіктерге Қазақстанның бір миллиметр де жері сатылмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Ұлттық экономика вице-министрі мәлімдеді.

Жер кодексіне сәйкес, азаматтығы жоқ тұлға ауыл шаруашылығы жерлерін тек 25 жылға жалға алуға құқылы. Егер шетелдік инвесторға жер сатылып кеткені анықталса, 3 ай ішінде ол мемлекет меншігіне өтеді немесе қайтадан жалға алу келісімшарты жасалады. Вице-министр сондай-ақ аукционға қойылатын жерлер тізіміне шаруалар жалға алып отырған жер телімдері енбейтінін мәлімдеді. 

Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика вице-министрі:

Қазір шартқа отырып, 10 жылға ма, 25, 49 жылға шартқа отырған азаматтардың ешқандай құқығы бұзылмайды. Ертең сатып аламын десе, 5 жылдан кейін сатып аламын десе, 10-49 жылдан кейін сатып аламын десе - ол азаматтың өз құқығы. Оны ешкім зорламайды, ешкім жерін тартып алмайды, ешқандай аукционға шығармайды ол жерді.

Азамат АЛДОҢҒАРОВ