Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы фармация комитетінің басшысы Людмила Пак пен «СҚ-Фармация» басшысы Максим Касаткиннің парамен ұсталу ісі дәрі-дәрмек саласындағы бағаны тұрақтандыруға және тендрлерді мерзімінде өткізуге кедергі келтірмейді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің жаңа төрайымы мәлімдеді. Қазір құзырлы орган дәрі-дәрмек бағасын реттеу бойынша арнайы заң жобасын да әзірлеп жатыр, ол келер жылға қарай ұсынылмақ.
Сондай-ақ Бюрабекова ендігіде дәрігерлердің тағайындауымен берілген дәрі-дәрмектердің қаншалықты дұрыс тағайындалғаны тексерілетін болады дейді. Себебі ақ халаттылардың фармацевтикалық компаниялармен келісіп, арзан баламасы бола тұра, белгілі бір компанияның қымбат дәрісін алу керек деп нұсқау беруі көбейген.