«СҚ-Фармация» басшысы Максим Касаткин 2 ай мерзімге түрмеге жабылды. Бұл туралы «Астана» телеарнасының ресми сұрау хатына Астана қаласының №2 соты жауап берді. Биыл Мемлекет басшысының қатаң сынына ұшыраған «СҚ-Фармация» компаниясының басшысы бұл қызметке ақпан айында келіп, Нұржан Әлібаевты алмастырған еді. Әзірге оның қандай қылмыс үшін күдікті ретінде ұсталғаны белгісіз. Айта кетейік, «СҚ-Фармация» - Қазақстанда дәрі-дәрмек сатылымымен айналысатын жалғыз компания.