Ал синоптиктер, бүгінгі жауған қар аралас жаңбыр ертең тоқтайды, деп отыр. Алдағы үш тәулікте еліміздің бірқатар аймақтарында күн жылынады деген болжам бар. «Қазгидромет» мамандары осылай деп мәлімдеді.
Лаура Сайлыбаева, «Қазгидромет» РММ инженер-синоптигі:
Антициклонның әсерінен алдағы үш тәулікте Қазақстанның батыс облыстарында жауын-шашынсыз ауа-райы күтілуде және де ауа температурасы жоғарылайды. Ал Қазақстанның қалған аймақтарында сол антициклонның шығыс аймақтарына жылжығанға байланысты жауын-шашын тоқтайды. Бірақ ауа температурасы қазанның жетісіне таман көтеріледі. 5-10 градусқа дейін.