Русский Сайттың толық нұсқасы

Шаһмардан Есенұлын елі еске алды

  • AstanaTV
  • 29 қыркүйек 2017
  • 3541

Мемлекет және қоғам қайраткері, академик, геология саласының салмақты сүрлеу салуына өлшеусіз үлес қосқан ғалым Шаһмардан Есенұлын бүгін дүйім жұрты еске алды. Ұлт жанашырының көзі тірі болса, биыл 90 жасқа толар еді. Алматыдағы Ғылым академиясына келген жанның қарасы көп. Бәрі дерлік жер қойнауының жыршысын жақсы сөздерімен, жүректеріндегі жылы лебіздерімен, сағынышпен еске алысты. Шарада оның өмірінен жинақталған бейнематериал ұсынылды. Мұнан кейін ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. Қызылорда өңірінің тумасы - геология ғылымын терең зерттеп, зерделеп, жаңа белеске шығарған жан. 100-ден астам еңбектің авторы. Сондай-ақ, оның ұмыт қалған еңбектерді тәржімалап, ұлт-руханиятына қосқан үлесі де орасан.

Сұлтан Сартаев, академик:

Оның елге жасаған еңбегі, көрсеткен жолы халықтың санасына кірді. Халық соған сенді. Міне, сондықтан Шаһмардан Есенұлы еліміздің мәңгілік ұмтылмайтын ұлдарының бірі емес, бірегейі болды деп айтқан болар едім. Сондықтан, есте қалатын осындай азаматтар көп болса, ел өрістейді.