Атақты майдангер Михаил Кочетковтың отбасына "Жеңіс маршалы" төсбелгісі табысталды. Марапатты Ресейдегі "Соғыс ардагерлері" қоғамдық бірлестігі арнайы жіберіпті. Қарт майдангер биыл маусым айында, 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Марапатты батырдың отбасына «Nur Otan» партиясының елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Каналимов пен Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық меңгерушісі Ирлан Сағандықов тапсырды.
Наталья ӘДІЛБЕКОВА, ҚЫЗЫ:
Әкем, бұл марапатты көргенде қатты қуанар еді. Ол Жуков басқарған барлық майдандарда соғысқан. Әкем Жуковты қатты құрметтеді. Ерлігін елеп, марапат ұсынып жатқандарыңыз үшін өз ризашылығымды білдіремін.
Михаил Петрович Кочетков Батыс, Үшінші Беларусь және бірінші Балтық майдандарында соғысқан. Соғыстан кейін Целиноград қаласының Локомотив депосында, машинистің көмекшісі болып еңбек етті. Кейін Қарағанды, Қазақ және Тың темір жол басқармасында жұмыс істеген.
Ғ.Өтемісов