Қарызды қандай жолмен қайта
қаржыландыруға болады? Жылжымайтын мүлікті тіркеу құжатына өзгеріс енгізуге рұқсат
бар ма? Астанада қандай әлеуметтік көмектер қарастырылған? Осы тектес
әлеуметтік сұрақтармен келген азаматтар әділет басқармасы мамандарына жүгінді.
«Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалында өткен қабылдауда сот
орындаушылары, адвокаттар, нотариустар мен АХАЖ мамандары тұрғындар сұрағына
жауап берді. Кейбіріне сотқа арыздану үлгілерін де көрсетті. Қоғамдық
қабылдауға келушілерді айына бір рет әділет департаментінің жетекшісі де
қабылдайды. Бүгінгі шарада жиырмаға жуық тұрғынның шағымы назарға алынды.
Мамандардың сөзінше, ең өзекті мәселе - алимент төлемейтіндердің көбейіп
отырғаны.
Гүлмира Манапова, Астана қалалық әділет департаментінің жетекшісі:
Алимент өндіре алмай жүрген
әйелдер сот орындаушылармен тығыз жұмыс істеуі керек. Сонда бұрынғы жұбайын
жауапкершілікке тарту мүмкіндігі бар. Құқық қорғау қызметкерлерімен қоян қолтық
жұмыс атқарылса, тіпті жақсы болар еді. Көбіне азаматтар өз міндетін біле тұра,
сот шешімін орындамайды.