Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжар өңіріндегі Жаңасу ауылы жарты жылдан бері ауыз суға жарымай отыр

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2017
  • 4011

Қызылжар өңіріндегі Жаңасу ауылы жарты жылдан бері ауыз суға жарымай келеді. Елді мекенде 14 жыл бұрын қазылған ұңғыманың суы таусылған. Халық құдықтың ащы суын тұтынуға мәжбүр.  Жергілікті билік қамсыз отырғанын айтады. Тұрғындардың тіршілігін аймақтағы тілшіміз Абзал Құрманкин көріп қайтқан еді. Абзал, Жаңасулықтардың жайын өзіңізден естісек.

Абзал Құрманкин, тілші:

Иа, Ләйлә, Жаңасуда әлеуметтің тіршілігі шын мәнінде тығырыққа тірелген. Ауыл тұрмақ ауданның өзінде орталықтандырылған су жүйесі атымен жоқ. Халық негізінен құдық суымен күн көріп отыр. Тіршілік көзінен тарыққандар кейде суды көрші ауылдан тасиды. Көбіне құдықтың тұзды суын ішетін бұқара ақыр аяғында дертке шалдыға бастады.

Жаңбырбай Қарабаев, Жаңасу ауылының тұрғыны:

Су ішетін ауыз суымыз болмайды. Кір жуатын, балалардың кірін жуа алмайды. Не суға түсу деген. Ол қандай гигиенаға жатады? Не бір жан-жақтан басшыларымыз келіп, біз бүйтіп жатырмыз деген жоқ.

Анар Закирьянова, Жаңасу ауылының тұрғыны:

Почкамыз дұрыс істемейді. Міне, бетіміз ісіп, уже больницаға түсіп жатырмыз. Мен де міне бір-екі күнде больницаға жатамын деп отырмын. Судың кесірінен денсаулықтан айырылатын шамамыз болып тұр.

Абзал Құрманкин, тілші:

Өздері онсыз да суға жарымай отырған Жаңасуға былтыр мемлекеттік бағдарлама аясында оңтүстіктен 4 отбасы қоныс аударған. Жергілікті билік ауыз суы жоқ ауылға күнгейліктерді неге көшірген. Су мәселесі жарты жылдан бері неге шешілмей келеді? Менің ертеңгі репортажым осы сұрақтардың төңірегінде өрбиді. Ләйлә.

Рахмет, Абзал. Бізбен тікелей байланысқа шыққан Солтүстік Қазақстандағы тілшіміз Абзал Құрманкин болатын. Сюжеттің толық нұсқасын сенбі күні «Біздің уақыт» бағдарламасынан көре аласыздар.