Шымкентте облыстық мәслихаттың депутаты «аса ірі көлемде ақша бопсалады» деген күдікке ілінді. Айдархан Орынбасаровтың сот санкциясымен қамауға алынғанын кейбір ақпарат құралдары Әл-фараби аудандық сотына сілтеме жасап таратуда. Сот өкілдері "депутатқа қатысты іспен Ұлттық қауіпсіздік қызметі айналысып жатыр" дегеннен артық ештеме айтпаған. Біздің арна тілшілері анықтағандай, облыстық мәслихат депутаттығына сайланған Айдархан Орынбасаров қазір ауруханада жатыр.
Спандияр Бекжігітов, ОҚО кардиологиялық орталықтың бас дәрігері:
Орынбасаров Айдарханды осыдан алты күн бұрын жедел жәрдем машинасымен алып келді, ...изолятордан алып келді, қамауда отырған жерінен. Келген кезде жүректің қыспасы , жүрек ауруына шағым жасады. Ауа жетіпсей, сондай жағдай болған.
53 жастағы депутат бүгінде палатаға ауыстырылған. Жанында арнайы күзет бар. Бүгінде жағдайы қалыпты. Депутатқа қатысты облыстық мәслихаттағылар ешбір ақпарат бермей отыр.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ