Русский Сайттың толық нұсқасы

«ЭКСПО» ісінде жаңа деректер пайда болды

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2016
  • 1552

Талғат Ермегияев тұтқындалмас бұрын «ЭКСПО» компаниясында қаржылық тексеріс өткізу керек деп дабыл қаққан. 2015 жылдың мамырында премьер-министрдің атына хат жолдады. «Астана ЭКСПО-2017» АҚ төраға орынбасары міндетін атқарған Мұрат Оспанов осылай дейді. Бүгін ол сот алдында жауап берді.

Істі қарау барысында белгілі болғандай, «ЭКСПО»-ның айналасындағы даулы істің шығынын сақтандыру компаниясы өтеуі керек болатын. Алайда шағымданушы тараптың өкілі Ғабит Құлахмет сақтандыру компаниясына өтініш түсірмегенін айтты. «Кепіл ақшаны өндірумен» «АДС құрылыс компаниясы» айналысуы керек,- дейді ол. Ал, айыпталушылардың адвокаттары сақтандыру бойынша 2 келісімнен басқа шарттардың мерзімі өтіп кеткеніне наразылық білдірді.

Астанада «ЭКСПО» ісін қарау жалғасып жатыр. Айыпталушы орындығында 24 адам. Олардың 14-і кәнісін мойындады. Істің басты фигуранты Талғат Ермегияев аса ірі көлемде пара алды, мемлекет қаражатын талан-таражға салды деп айыпталуда.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА