Русский Сайттың толық нұсқасы

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері шет елдіктерге сатылмайды - ҰЭМ

  • AstanaTV
  • 19 сәуір 2016
  • 1629

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдері шет елдіктердің меншігінде жоқ және бұдан былай да сатылмайды. Біраздан бері дауға ұласқан бұл мәселеге орай Ұлттық экономика министрлігі өкілі осыны мәлімдеді. Қазақстанда шамамен қанша гектар жер өзге елдің азаматтарына берілгенін де айшып айтып берді.

Жанар Қаржанова, ҚР ҰЭМ жер ресурстары инфрақұрылымын дамыту басқармасының басшысы:

Шет елдіктердің жекеменшік құқығында 1460 га жер учаскелері бар. Бұл үйлерге, құрылыстар, ғимараттар өндірістік мақсаттардағы құрылыстардың маңайындағы жер учаскелері рәсімделінген.

Бүгінде ауылшаруашылығына тиесілі жер телімдерінің 97,4 млн гектары ұзақ мерзімді жалға берілген. 1,2 пайызы ғана жекеменшікте. Жерді 10,15 және 49 жылға дейін жалға алу жолдары қарастырылған. Енді жаңа заң күшіне енсе 10 жылдан астам жалдап келгендер жерді 50 пайыз жеңілдікпен сатып ала алады. Бағасына келетін болсақ суармалы егістікке арналған құнарлы алқаптардың гектары 125 мың теңге тұрады. Ал кейбір жерлердің гектары небәрі 4 мың теңге тұрады.