Астана қалалық жұмыспен қамту бөлімі жыл басынан бері бір жарым мыңнан астам адамға жұмыс тауып берді. Мекеменің базасында тағы үш жарым мың бос орын бар. Сылақшы-әктеушілер, әрлеушілер, тас қалаушылар мен D санатындағы жүргізушілер жоғары сұранысқа ие.
Елорданың әлеуметтік нысандарын аралаған шаһар басшысына орталық мамандары осындай мәліметтер келтірді. Әділбек Жақсыбеков Астанадағы дағдарыс орталығына да бас сұқты. Мұнда тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдерге қолдау көрсетіледі. Әкім қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік орталықта да болды. Бұл жерде 25 пен 102 жас аралығындағы 300-ге жуық адам пана тапқан. Орталық тұрғындарының көпшілігі спортқа әуес. Тіпті араларында үстел теннисі мен тоғызқұмалақтан ел чемпиондары да бар.
Айгүл ӘДЕПБАЙ