Цифрландыру мәселелері жөніндегі кеңестен соң Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі Hyperloop One компаниясының басшыларымен кездесті. Әңгіме барысында тараптар Қазақстандағы цифрлық экономиканы дамыту мәселелерін талқылады.
Еуразия құрлығындағы көлік-логистика жобаларының перспективалары жөнінде пікір алмасты. Hyperloop - вакуумды поезд жобасы болып табылады. Оны 2012-2013 жылдары Илон Маск ұсынған. Жобаны іске асыруда SpaceX, Hyperloop One және HTT компаниялары белсенділік танытып отыр.