Қыркүйектің 10-ы күні Халықаралық ЭКСПО көрмесі салтанатты түрде жабылады. Дегенмен, ол күні кешкі сағат 8-ге дейін павильондарды аралауға болады. Одан кейін жабылу рәсімі басталмақ. Оған ғылым мен технология жөніндегі Ислам ынтымақтастығы ұйымының алғашқы саммитіне жиналған бірнеше елдің президенті де қатысады. 3 айға созылған халықаралық көрменің салтанатты түрде жабылу рәсімін «Астана» арнасынан сағат 20.00-де көре аласыздар. Бұл күні сағат 21:15 отшашу болады.