Русский Сайттың толық нұсқасы

Жасөспірімдер арасында суицид артты

  • AstanaTV
  • 28 тамыз 2017
  • 4679

Елде  жасөспірімдер арасында суицид артты. Биылғы жылдың  өзінде 112 дерек тіркелген. Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастап тұр. Ал ересектердің ішінде бөріктілердің жігерінің жасуына не себеп?

Биыл 2 мыңнан астам адам өзіне қол жұмсаған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда біршама аз. Бірақ жасөспірімдер арасындағы өлім азаймай тұр. 7 айда 2,8 пайызға артқан. Өз-өзіне қол жұмсайтын балалар Оңтүстік Қазақстан облысында көп тіркелген. Биыл ата-ана 28 баладан қол үзіп қалған. Республикада биыл өз-өзіне қол жұмсағандар саны 2195. Балалардан бөлек, ер адамдар арасындағы суицид азаймай тұр. Биылғы жылдың өзінде 1746 тепсе темір үзер азаматтан айырылып қалдық.

Мұрат Хамитов, ҚР Бас прокуратурасы статистика комитеті төрағасының орынбасары:

Суицид жасөспірімдерде көп. Қазіргі таңда құзырлы органдар әлеуметтік желідегі түрлі ойындарды бақылауға алып отыр. Бұл ойындардың мақсаты балаларды есінен адастырып, сосын түрлі тапсырмалар беріп, соңынан  жандарын алуға бағыттайды екен. Сондықтан жасөспірімдер осындай қадамға баратын болар. Ал ересектер арасында ол тұрмыстық мәселердің кесірінен болады.

Терең депрессия суицидке әкеледі дейді психолог мамандар. Денсаулық сақтау министрлігінің мамандары балалардан гөрі, ересек адамдарды қадалау қиын екенін айтады. Олар сол үшін емханаларда психолог-нарколог мамандардың санын көбейтуді жоспарлап отыр

Николай НигайҚР Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты республикалық ғылыми-тәжірибелік психикалық денсаулық орталығының бас директоры:

Қазір ересек адамдар бойынша жағдай күрделеніп кетті. Сондықтан біз ересектерге арнайы бағдарлама жасадық. Ол әрине, жергілікті өздерінің емханаларында тіркелгендіктен, тікелей сол емханалар арқылы жұмыс жасаймыз. Бұл бағдарлама өзінің жақсы нәтижелерін береді деп ойлаймын. Ал, жасөспірімдер бағдарламасы бойынша, олар мектепте оқыған соң, барлығы бақылаудан болғандықтан, бұндай фактіні алдын алу шараларын ұйымдастыру оңайырақ.

Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жер бетіндегі  адамдардың 75 пайызы психикалық  бұзушылықтарға жиі тап болады, ал олардың 23 пайызы психиатрдың көмегіне мұқтаж.