Ауыл шаруашылығы министрлігі қарызға батқан агрохолдингтерге қатысты бақылауды күшейтпек

  • AstanaTV
  • 25 тамыз 2017
  • 2193

Ауыл шаруашылығы министрлігі қарызға батқан агрохолдингтерге қатысты бақылауды күшейтпек. Бұл туралы «Астана» арнасына берген сұхбатында министр Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Асқар Мырзахметов, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі:

Дано поручение, где-то еще месяц нам надо глубже изучать и усилить те меры, которые сейчас принимаются в отношении проблемных холдингов. Потом по итогам это скажем, хорошо?

Еске салайық, өткен аптада Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет пен әкімдерге агрохолдингтердің қарызын бақылауға алуды тапсырды. Іле-шала Премьер тиісті органдарға бір ай ішінде ірі бидай компаниялардың қаржылық ахуалын сараптауды жүктеді. Оған қоса, Президент ақпанда Ауыл шараушылығы министрлігіне алпауыт аграрлық компаниялардың миллиондаған қарызын тексеруді тапсырған болатын.