Қазақстан "Талибанды" мойындаған жоқ - СІМ

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2021

Қазақстан елімізде тыйым салынған "Талибан" радикал қозғалысын мойындаған жоқ. Ауғанстандағы ахуал мұқият бақылауға алынған.    Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин тәліптермен арадағы дипломатиялық байланыс туралы осылай деді. Ол БҰҰ-ның аз ұлттар мен әйелдердің құқығын құрметтеу, басқа мемлекеттерге қауіп төндіретін топтардың болуына жол бермеу туралы мәлімдемесін қолдаймыз,-деді. Сондай-ақ бұл ережелерді орындау Ауғанстанның жаңа үкіметімен жасалатын келіссөздердің бастауы болуы мүмкін екенін айтты.

Ақан РАХМЕТУЛЛИН, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Біз бұл елдегі ахуалды мұқият бақылап отырмыз. Көп жылдық тәжірибе ауғанстандықтарда бейбіт процесс жүргізудің басқа баламасы жоқ екенін көрсетті. Қандай да бір елдер Талибанмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты деуге әлі ерте.

Министрдің орынбасары Кабулдағы елшіліктің қазіргі жағдайына да тоқталды. Оның айтуынша, Талибан өкілдері Қазақстан елшілігінің   жұмыс істеуіне кедергі келтірмейді. Оларды қорғауға уәде берген.


Ғ. Өтемісов