«Қасиетті Қазақстан» жобасына кіретін нысандар жыл соңына дейін анықталады. Қазірдің өзінде 600-ге жуық орынды енгізуге ұсыныс түскен. Қыркүйек айынан бастап ғылыми-сараптамалық кеңестің өкілдері қасиетті мекен саналатын орындарды зерттеуге аттанады. Бұл мақсатқа Мәдениет министрлігі арнайы қаражат бөліп отырған көрінеді. Толықтай жан-жақты зерттеудің қорытындысына қарай жалпыұлттық деңгейдегі 100 нысанның тізімі толығады. «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, бұл рухани жаңғыру мен ұлтты тұтастыруды көздейді, дейді.
Берік Әбдіғалиұлы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры:
Ең бастысы, елді біріктіретін Қазақстанның қасиетті жерлері болуы керек. Биылға қойылған міндет - ол осы тізімді анықтау, картасын жасау. Бұл бағдарлама өзі 5 жылға арналған. 5 жылдың ішінде анықталған жерлерге визит орталықтар соғу. Серпіліс беру, ой салу. Жастарды әсіресе, сол арқылы тәрбиелеп, жалпы қоғам болып осы орындар арқылы рухани құндылықтарды насихаттау арқылы өзіміздің тарихи, саяси сана-сезімді қалыптастыру - басты мақсат.