Елордада және еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

  • AstanaTV
  • 25 қараша 2021

Синоптиктердің айтуынша, Елордада және еліміздің бірқатар өңірінде  алдағы күндері күн суытады.  Республиканың басым бөлігінде  көктайғақ болады, бұрқасын соғып, жел күшейеді. Әсіресе  оңтүстік-шығыстағы таулы аумақтарда және шығыста қар борайды. Тек батыс өңірлерде ғана  жауын-шашын болмайды дейді ҚазГидромет мамандары.    

Мақпал БАТАЕВА, "ҚАЗГИДРОМЕТ" РМК ИНЖЕНЕР-СИНОПТИГІ:

Қазақстан аумағы бойынша дабылдық ескерту жарияланды. Ауа-райы бойынша, солтүстік аймақтарда түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман. Желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін. Сондықтан жолдарда жаңағыдай көктайғақ болуы мүмкін. Абай болған абзал.

Ә. Дүкембаева