Ұлыбритания мен АҚШ елшілері қазақстандықтарды Астана күнімен қазақша құттықтаудан жарысты. Дипломаттар жылы лебіздерін елшіліктің фейсбуктегі парақшасында жариялаған. Қайсысының қазақшасы сәтті, әсерлі шыққанын өздеріңіз бағамдай отырыңыздар.
Кэролин Браун, Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі:
Осы бір ерекше күнде Сіздердің өте жас, перспективалы Астаналарыңа өсу мен өркендеу тілеймін. Осы қаланы көргеніме, қаланың қарқынды өсуін бақылап, рухын сезінгеніме өте бақыттымын.
Джордж А. Крол, Қазақстандағы АҚШ елшісі:
Астана - Орта Азия орталығында орналасқан заманауи қала. Астана - Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатының рәмізі. Сіздерді Астана күні мерекесімен құттықтаймын.