Әлем мұсылмандары ұлық мекере - Ораза айтты кеңінен атап өтіп жатыр. Әсіресе мешіттерде кісі қарасы әдеттегіден көп. Мәселен, Индонезиядағы Диан-әл-Мари кешенінде бұрын-соңды болмаған айт дастарханы жайылыпты. Мұндағы жамағат биыл ұлттық киім киіп, мешіттерде ортақ ас беруді ұйғарған. Қасиетті ай - "Рамазанның аяқталуын" енді бұл елде дәл осылай тойламақ.
Айт мерекесінде Сирияда да нағыз бейбітшілік орнағандай. Елде 3 күн базар мен дүкендер үзіліссіз жұмыс істеп, асқа зәру адамдарға дастархан жайылған. Жергілікті халық соңғы 5 жылдан бері, яғни азаматтық соғыс басталғалы, елде мұндай берекелі айт меркесінің болмағынын айтып, қуанысып жатыр.
Келер жылдары да мұндай бейбітшілік болады деп үміттенемін. Біз тыныш өмірді сағындық.
Құралай ПИОНЕР