Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектептерге қаржылай көмек көрсетіп, қамқорлық жасау заңдастырылмақ

  • AstanaTV
  • 15 сәуір 2016
  • 2310

Білім және ғылым министрлігі бизнес өкілдерінің мектептерге қаржылай, басқа да қамқорлық жасауын заңдастырмақ. Негізі елімізде мектептерге кітап қорын сыйлау сияқты жақсы дәстүр бұрыннан бар. Бизнесі, тиісінше толайым табысы болмаса да, журналист-қаламгер Сүлеймен Мәмет Алматы облысындағы туған ауылының мектебіне 3 мың кітап, интерактивті тақта сыйлаған. Жаңа кітапхана залын жасап, үздік оқушыларға шәкіртақы тағайындаған. «Қаржыны қайдан тапқан» дегенге келсек, қалтқысыз қызметі үшін алған түрлі сыйақылары мен зейнетке шыққанда түскен ақшасын түгел осы іске жұмсаған. 

Сүлеймен Мәмет, журналист-жазушы:

Мұғалімдер айтады, сіздің кітапханаңыздан, дейді, біз әр сабағымызды өткен кезде методикалық, мысалы, математикадан, Мұхтарбай Өтелбаевтың математикасынан, әдебиеттен, тарихтан, көркемсуреттен, әр пәннен сіздің кітапханаңыздан балаларды оқытамыз дейді. Мен мектепте 7 жыл мұғалім болдым. Кітапты оқыту мұғалімге де байланысты. 

Кітап тақырыбы ертең 20.00-де шығатын «Біздің уақыт» ақпараттық-сараптамалық бағдарламасында кеңінен қозғалады.