Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Ташкентке барды. Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстан және Өзбекстан басшылары түрлі саладағы екі жақты ынтымақтастықты талқылады деп хабарлайды.
Мемлекет басшылары сауда-экономика, су-энергетика, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы негізгі бағыттарды қарастырды. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кәрімов күн тәртібіндегі өзекті халықаралық мәселелерді, сондай-ақ өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мәселелерді талқылады.
Берік ХАСЕНОВ