Коронавирусты бір күнде 40 мыңға дейін адам жұқтыруы мүмкін, - ҚР ДСМ

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2022

«Pfizer» вакцинасы тегін болады. Бұл тек 60 жастан асқан адамдарға ревакцинация жасау үшін қарастырылмақ.  Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғинияттың айтуынша,  елімізде вакциналау қарқыны төмендеп кеткен. Оның үстіне елде COVID-19-дың жаңа түрі жылдам тарап жатыр. Соған байланысты  эпидахуал күрт нашарлады.  Өткен тәулікте індет 5 мыңға жуық адамнан анықталған. Соңғы 2 аптада сырқаттану деңгейі   3 есе өскен. Елордада 10 есе. Шымкентте 3,7, Алматыда 2 есе көбейген.  

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:

КВИ бойынша эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты, қызыл аймақтағы өңірлерде ұжымдарды тарату және инфекцияның таралуын азайту бойынша қосымша профилактика шаралары Ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысына шығарылады
.

Сондай-ақ елдің бас дәрігері  "омикрон" штаммының таралуына байланысты жаңа болжам ұсынды. Оптимистік сценарий бойынша: халық ревакцинациямен 100 % қамтылса, тәулігіне 17 500 жағдайға дейін тіркеледі. Реалистікте - тұрғындардың 70% қайта вакциналаудан өтсе, індет жұқтыру саны күніне 25 500 -ге  жетуі мүмкін.  Ал, пессимистік болжамда: елдің 40%-ы үшінші рет екпе алса, тәулігіне  40 000 адам науқастануы мүмкін.

А. Данияр