Русский Сайттың толық нұсқасы

"Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз", - М.Әшімбаев

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2022
  • 8263

"Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз". Бүгін Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жаппай тәртіпсіздік кезінде қаза тапқан  күштік құрылым сарбаздарын   еске алып, олардың жақындарына көңіл айтты. "Қаңтардың алғашқы күндеріндегі тәртіпсіздіктер тәуелсіздігімізге қауіп төндірді,  ең қасіретті оқиға ретінде есте қалады" деді ол.  Бұл орайда күштік құрылымдардың, полицейлер мен әскери қызметкерлердің  еңбегін ерекше атап өтті.

Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Өкінішке қарай, күштік құрылымдардың біраз қызметкері қаза болды. Біз олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймыз. Террористердің қолынан жазықсыз жандар да қайтыс болды. Қаза болған азаматтарымыздың отбасылары мен жақындарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз. Жарақаттанған адамдардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігімізді білдіреміз.


Б. Сатуов