Эпидахуалдың күрделенуіне байланысты елге кіру ережелері өзгерді. 15 қаңтардан бастап шетелден келетін жолаушылар ұшаққа ПТР тестінің нәтижесімен ғана отырғызылады. Тіпті вакцина алған болса да. 5 жасқа дейінгі балалардан ғана талап етілмейді. Бұл туралы короновирусқа қарсы ведмоствалық комиссия мәлімдеді. Ал Air Astana баспасөз қызметі анықтама ағылшын, орыс немесе қазақ тілдерінде, яғни үш тілде болуы тиіс екенін нақтылады. Болмаса жолаушылар авиакомпанияның бортына жіберілмейді.
Б. Сатуов