Русский Сайттың толық нұсқасы

Техникалық мамандықтарға 13 мыңға жуық мемлекеттік грант бөлінді

  • AstanaTV
  • 22 маусым 2016
  • 2531

Биыл мектеп бітірген түлектерге 31 702 білім гранты тағайындалды. Оның көбі, яғни 13 мыңға жуығы, техника-технологиялық мамандықтарды дайындауға бөлінген. Сондай-ақ ұстаздар мен медицина мамандарын оқытуға басымдық берілген. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, техника және технологиялық ғылымдар - 12 593, педагогикалық мамандықтарға - 5000, медициналық мамандықтаға - 3000, ауыл шаруашылығы мен мал дәрігерлігіне - 2 690 грант қарастырылған. Жаратылыстану ғылымдарына - 1 470, гуманитарлық ғылымдарға - 700, әлеуметтік ғылымдарға - 700, өнер саласына 170-і берілсе, құқыққа - 100 грант бөлінген. Ал әскери іс пен қауіпсіздікке 60 грант тағайындалған.

Мемлекеттік тапсырыс аясында Назарбаев университетінде 700 түлек оқи алады. Халықаралық ақпараттық технологиялар университетіне де көп орын бөлінген, ол - 500. Қазақстан-Британ техникалық университеті мен Яссауи Халықаралық қазақ-түрік университетінінің әрқайсысына 200 орыннан қарастырылған. Мәскеу мемлекеттік университетінің еліміздегі филиалында 125, Мәскеу аваиациялық институты филиалында 45, ал Қаржы академиясында 50 студент тегін білім ала алады.