Русский Сайттың толық нұсқасы

«Жас Отан» жастар арасында жұмыссыздықты жоюды жолға қоймақ

  • AstanaTV
  • 23 маусым 2016
  • 2698

Бүгінгі күні Астана қаласы халқының 220 мыңға жуығы, яғни 25 пайызы, жастар. Соның 7,8 пайызы жұмыссыз жүр. Жастар арасында жұмыссыздықтың белең алуына басты себеп сұранысқа ие емес мамандықтарды таңдауында болса керек. Өткір тұрған мәселені шешу үшін «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» жастар қанаты нақты қадамдарға көшкен. Мектептерді аралап, қай мамандыққа сұраныс бар, оқуға түсерде қандай жеңілдіктер барын айтуда.

Қолында дипломы бар жастарды «Сәтті қадам», «Жастар Отанға» жобасы аясында жұмысқа орналастырып жатыр. Жетістік те жоқ емес. Былтыр 200-ге жуық жас жұмыс тапса, биыл ол көрсеткішті 4 есеге көбейту жоспарланыпты. Жұмыссыз жүрген жастар қалалық «Жас Отан» жастар қанатына барып, жұмысқа орналасуға жәрдем сұрауларына болады.

Серғазы Шақабаев, «Жас Отан» ЖҚ Астана қалалық филиалының төрағасы:

«Жастар Отанға» партиялық жобасы аясында мынау бізде кеңес орталығы деген орталығымыз бар. Сол орталықта келген жастарға Астана қаласының жұмыспен қамту орталығы туралы ақпараттарды және тиісті жұмыс берушілерді біз іздеп, жұмыс туралы сұрақтарына жауап берудеміз.

Ербол Рыспаев, Астана қаласы «Жастар саясаты мәселесі» басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 7,8 пайызды құрап отыр. Бұл көп те, аз да емес көрсеткіш. Десек те, біз жұмыссыздықты жою үшін, сұранысқа ие емес мамандықтық иелерін қайта тегін техникалық мамандықтарға оқытып жатырмыз. Түрлі бағдарламалардың аясында жұмысқа тартудамыз. Жастарды жұмысқа орналастыру үшін, Елордадағы кәсіпорындармен меморандумдар жасадық.