Мәжіліс депутаты Алматы облысының  ауыл шаруашылығы неліктен алға баспай тұрғанын айтты. Жанна Телпекбаева «Жер Ана» өндірістік кооперативінің жұмысымен танысып, жергілікті диқандармен тілдесті. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің өзекті мәселесінің  бірі - инфрақұрылымның болмауы  деп атап өтті ол. Соның салдарынан су тиімсіз жұмсалады. Тағы бір маңызды мәселе: ауылшаруашылық техникаларының құны қымбат. 
Жанна ТЕЛПЕКБАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «NUR OTAN» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
  
Утилизациялық алымды азайту. Бұл ең маңызды мәселе. Оны ауыл шаруашылығы техникалары үшін төмендетуді және қол жетімді болуы үшін  комиссия қарастырып жатыр.
З. Санай