Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбелік жастар Орталық сайлау комиссиясының төрағасымен кездесті

  • AstanaTV
  • 05 наурыз 2022
  • 1022

Жастар арасында саяси белсенділікті арттыру керек. Бүгін ақтөбелік жастармен кездескен орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров осылай дейді.

Кездесуде электронды дауыс беру жүйесінің тиімділігі сөз болды. Жастардың бір бөлігі дауыс берудің заманауи әдісін қолдаса, кейбіреулер бұл  тәсіл тиімсіз дейді. Сондай-ақ жиында сайлауға түсетін ауыл, аудан әкімдеріне қойылатын  талаптар  талқыланды.

Нұрлан ӘБДІРОВ, ҚР ОРТАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Аудан әкімдеріне мемлекеттік қызметте істеген тәжірибе керек пе? Жоқ па? Өйткені,кейбір саяси партиялардың қазір сондай әңгімесін естіп қалдым, аудан әкіміне мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі керек емес, ол кәсіпкер болуы керек дейді.

Г. Сейтенова