Түркия ауруханасында дүниеге келген нәрестеге қомақты қаржы қажет

  • AstanaTV
  • 27 маусым 2016

Түркияда жіпсіз байланған павлодарлық жас отбасының жағдайын Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі жіті бақылауына алған. Анықталғандай, елшілік аурухана басшылығымен медициналық қызмет құнын 50 пайызға төмендетуге келісімге келіпті. Салмағы 750 грамм болатын сәбиді тек 2 келі болғанда, Қазақстанға әкелу мүмкін болмақ. Сақтандыру компаниясының бұл жағдайды «оқыс оқиғаға» жатқызбауы мәселені ушықтырып отыр. Тумай жатып белшесінен қарызға батқан шақалақтың тағдыры әріптесім Әсемгүл Мұхитқызының бейнематериалында.

Пребывание в барокамере один день стоит около 2 тысяч долларов. Мы не знаем, что делать? Он жив-здоров. Все в норме. Патологии нет. Помогите, пожалуйста!

Бұл отбасы маусымның 18-інде Анталия қаласына туристік жолдамамен барады. Ол кезде Елена Шевчукова жүктіліктің 24 аптасында болған. Емдеуші дәрігерім алыс сапарға шығуға рұқсат бергендіктен, еш алаңдамадым,-дейді. Бірақ төрт күннен кейін ыстығы көтерілген ол ауыр халде ауруханаға түскен.

Елена Шевчукова:

Сараптама ағзамда күшті инфекцияның барын анықтады. Өміріме қауіп төніп тұрғандықтан, уақытынан бұрын босандырып алу туралы шешім қабылданды. Туристік фирманың өкілі сақтандыру компаниясының бұл жағдайды «оқыс оқиға» ретінде қабылдауын сұрайды. Ол түрік ауруханасының тұтқынына айналған бейкүнә нәресте мен оның ата-анасының тағдырына алаңдаулы.

Гүлмира Отарғалиева, туристік фирма өкілі:

Мәселе ең алдымен жаңа туған нәрестеде болып тұр ғой. Оның әр күнгі емі өте қымбат, қыруар ақша тұрады. Дәрігерлер жағымды динамика байқалғанша, шала туған шақалақтың 2-3 айдай барокамерада жатуы керектігін айтады. Ауруханадан шығар кезде бұл қомақты қаражатқа айналады, оны қарапайым адамның қалтасы көтеруі екіталай. 

Қолданыстағы заңға сәйкес 3 айға дейінгі жүктілікте оқыс оқиға орын алса, өтемақы төленеді. Одан кейінгі жағдайларда бұл мүмкін емес, - дейді заңгер.

Мария Юревич, заңгер:

Сақтандыру заңына сәйкес, жол-көлік оқиғасы, өрт немесе табиғи апаттар кезінде болған жайт апатты жағдай деп саналады. Ал дәл мына жағдай оқыс оқиға санатына жатпайды.

Шакир Иминов, сақтандыру компаниясының атқарушы директоры:

Қазір біздің компания жәбірленушілер тарабынан барлық ресми медициналық құжаттардың келуін күтіп отыр. Нақты мынаны ғана айта аламын: алғашқы медициналық жәрдемге кеткен бар шығынды компания міндетті түрде өтейді. Отандастарымыздың басына түскен ауыртпалықтан Сыртқы істер министрлігі де хабардар. Ведомство өкілдері мәселені оңтайлы шешуге қол ұшын беруге уәде берді.

Әнуар Жайнақов, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

Баланы елге әкелу мәселесін көтеруге әлі ерте. Бұл сұрақты тек оның салмағы 2 мың граммға жеткенде ғана қарастыруға болады. Бұған 3-4 ай кетуі мүмкін. Ал барокамерада болған әр күні үшін өтелетін ақы әлі де шешілмеген қалпында қалып отыр.

Белгілі болғандай, осыдан бес күн бұрын босанған Елена Шевчукова қазір ауруханадан шыққан. Денсаулығы тәуір. Ал нәресте дәрігерлердің бақылауында. Отбасының таныстарының сөзінше, бүгінде оларға Түркияда демалыста жүрген отандастарымыз қол ұшын созып, көмек көрсетіп жатыр.

Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ