Русский Сайттың толық нұсқасы

Референдумды ұйымдастырудың тәртібі мен күнтізбелік жоспары айқындалды

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2022
  • 2020

Республикалық референдумды  ұйымдастырудың тәртібі мен күнтізбелік жоспары айқындалды. Соған сәйкес, үгіт-насихат шаралары референдумға бір күн қалғанда, яғни, 4-маусымда толық тоқтатылады. Азаматтар референдум сұрағына қатысты кез- келген позицияны ұстануға әрі насихаттауға құқылы. Тек ой-пікірін әркім өз атынан ашық жариялауы керек.  Авторын белгілемей,  лақап атпен желіге не болса соны жазбаған жөн. Өйткені мұндай материалдар  тікелей прокуратураның сүзгісінен өтеді.

Константин ПЕТРОВ, ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Референдумға қатысатын азаматтардың тізімі 15- мамырға дейін дайындалады. Бұған әкімдер жауапты. 20- мамырдан бастап өзіңізді тізімнен іздесеңіз болады.   Учаскелік референдум комиссиясы дауыс беру уақыты мен орны туралы азаматтарды 25- мамырдан кешіктірмей, референдумға он күн қалғанда хабардар етеді.


Референдумды өткізуге қанша қаржы жұмсалатыны әлі есептеліп жатыр. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Сабила Мұстафина мәлімдеді. Бұдан бөлек, қаржы сайлау учаскелерін материалдық-техникалық жабдықтауға,  бюллетеньдерді басып шығару мен комиссия мүшелерінің жалақысын төлеуге жұмсалады.    

Сәбила МҰСТАФИНА, ОРТАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ КОМИССИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:


Біз қазір шығынның болжамды сметасын жасап жатырмыз. Бізге барлық аумақтық комиссияның өз қажеттіліктерін нақтылағаны маңызды. Оның үстіне референдум туралы заң бойынша науқан уақыты бір айдан кем емес, үш айдан аспауы керек. Президент бір айлық мерзімді белгіледі. Сондықтан сметаның пысықтауды қажет ететін тұстары бар.


Науқанды бақылауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан сарапшылар шақырылады. 5- маусым күні учаскелік комиссиялар  жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Референдум нәтижесі есепке алынуы үшін Қазақстан халқының 50 проценті дауыс беруге қатысу тиіс.  

А. Съезбек