Русский Сайттың толық нұсқасы

Референдум Екінші Республика құруға құқықтық негіз қалыптастырады, – Е.Қарин

  • AstanaTV
  • 06 мамыр 2022
  • 1584

Конституциялық реформа жөніндегі референдум Екінші Республика құруға құқықтық негіз қалыптастырады.   Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин твиттердегі парақшасында осылай деп жазды. Оның пайымынша, Президенттің өз өкілеттілігін кеңейтпей, керісінше, басқа билік институттарына қайта бөліп беруге бастама жасауы – бұл науқанның ерекшелігіне айналды. Әрі аталмыш реформалар тікелей халық пен сарапшылардың сұранысы мен ұсынысына негізделген.

Ерлан КАРИН, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ХАТШЫСЫ:

Бұл - Мемлекет басшысының айрықша саяси маңызы бар маңызды шешімі. Конституциялық реформа жөніндегі референдум бұл - президенттік саяси реформалар бағдарламасын жүзеге асырудың кезекті кезеңі. Бағдарлама жүйелі сипатқа ие және суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түбегейлі көшуді, бірқатар биліктік өкілеттіктерді қайта бөлуді, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді, халықтың елді басқаруға қатысуын кеңейтуді, азаматтардың құқықтарын қорғаудағы конституциялық тетіктерді күшейтуді қамтиды.

А. Съезбек